Алғысөз

Халықаралық төрелік орталығының Төрайымының алғысөзі

Халықаралық төрелік орталығы (ХТО) АХҚО-да азаматтық және коммерциялық дауларды шешу үшін ең үздік халықаралық стандарттарға сәйкесә рекет ете отырып, сот талқылауына тәуелсіз, үнемді және жедел баламаны ұсынады.  

ХТО-да мол тәжірибесі бар тәуелсіз, бейтарап және адал халықаралық деңгейдегі төрешілер мен делдалдар командасы жинақталған.

ХТО тараптарға олардың ХТО-да дауларды шешу үшін пайдалануды қалайтын қағидалар мен рәсімдердің барынша мол таңдауы мен икемділігін ұсынады. 

Тараптар ХТО-ның төмендегілерді жүзеге асыруына келісе алады: 

1. ХТО-ның төрелік және медиация қағидаларына сәйкес төрелік процесін жүзеге асыру. Бұл қағидалар жеделдетілген төрелік рәсімдерін, шұғыл төрешілерді тағайындау мен инвестициялық шарттар бойынша дауларды шешуге қатысты мәселелерді қамтиды;

2. БҰҰ халықаралық сауда құқығы жөніндегі төрелік регламентіне (ЮНСИТРАЛ) немесе тараптар келіскен арнайы төрелік регламентіне сәйкес төрелік процесін жүзеге асыру; 

3. ХТО-ның Төрелік және медиация қағидаларына немесе тараптар келіскен арнайы төрелік регламентіне сәйкес медиация жүргізу; 

4. Дауды баламалы шешудің басқа да түрелерін ұсыну.

ХТО төрешілердің ақысын төлеуге, сондай-ақ ХТО-ның қызметтер көрсетуі және әкімшілік объектілерді күтіп ұстаумен байланысты тиісті шығындарды өтеу үшін төленген алдын ала төлем сомаларын жинақтау және бөлуге арналған қаражаттың сақталуын қамтамасыз етеді.  

ХТО тағайындау органы болып табылады, ол ХТО-да немесе басқа жерлерде өткізілетін төреліктер мен медиациялар үшін өз командасынан төрешілер мен медиаторларды тағайындауды ұсынады.

ХТО-ның төрелік шешімдері АХҚО Сотының шешімдері сияқты Қазақстан Республикасында сенімді атқарушы жүйенің қолдаумен орындалуға жатады.   Олар сондай-ақ, 1958 жылғы Нью-Йорк конвенциясына сәйкес халықаралық деңгейде де орындалуға жатады. 

ХТО Астана ЭКСПО-2017 аумағында орналасатын «ХТО палаталарында»ең үздік IT-жүйемен жарақтандырылған, мәжіліс залдары, отырыстар мен тыңдау залдары, бар тұрақты жұмыс істейтін әкімшілік объектілеріне иелік етеді.   

ХТО рәсімдері мен стандарттары халықаралық озық тәжірибені сақтауға ұмтылады және олар бүкіл әлемдегі  ірі қаржы орталықтарында төрелік және медиация қызметтерін пайдаланушыларға жақсы таныс.

Барбара Доманн QC

Халықаралық төрелік орталығының Төрайымы

Қаз
Eng Рус